Атырауда қасапшылар жылқыларды басынан ұрып өлтірді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері енді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желілерде жылқыны бауыздап емес, темір таяқпен басынан ұрып өлтірген видео тарап кетті. Видеода бұл жағдайдың Береке елді мекеніндегі цехта болғаны жазылған. Желі қолданушылары қасапшылардың қатыгездігін түсіне алар емес, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабек Каражанов оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын айтты. Оның құрамына жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері енген. Комиссия мүшелері цехке барып, тексеріске кірісті.

Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігіне («жануарларға қатыгездік көрсету») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция мен әкімдік ақпарат тергеу аяқталған соң айтылатынын хабарлады.

Бұл бап бойынша  бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Бие айғырды бір теуіп өлтіріп қойды – видео

Жылқыларды қатыгездікпен өлтірген ер адамның кім екені анықталды.



sputniknews.kz

Загрузка...