атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Бұл григориан күнтізбесінде 197-ші күн. Жыл соңына дейін 168 күн бар

16 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

16 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Францияда Виши режимінің нәсілшілдік және антисемитизм құрбандарын еске алады. Аталған күн 2000 жылы Францияның ұлттық жиналысының шешімімен ресми түрде бекітілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында құрылған Виши нәсілшілдік режимінің полициясы 1942 жылы 16 шілдеде Францияның тегі еврей 13 мыңға жуық азаматын Париж велодромына айдап шығып, гитлершілердің қолдарына тапсырған.

Бұдан бөлек, 16 шілде күні Халықаралық жылан күні аталып өтеді. Улы жыланның түрлері көп. Алайда осы санаттағы бауырымен жорғалаушылардың пайдасы да жоқ емес. Мәселен, жыланның уын медицинада қолданады. Ал жылан-роботтар құтқару шараларына қатысып, ғарышқа дейін ұшырылады.

Ал гурмандар дәмді тамақ күнін тойлайды. Сондай-ақ, бүгін – Асфальтта сурет салу күні. Мамандардың айтуынша, асфальтта сурет салу арқылы адамдардың өмірін өзгертуге болады. Себебі ондай шығарманы көп адамдар көреді.

16 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1439 жылы Ұлыбританияда сүйісуге тыйым салынды. Негізгі себеп – оба эпидемиясы;

1661 жылы Стокгольм банкі алғашқы еуропалық банкноталарды шығарды.

1909 жылы Audi компаниясының негізі қаланды;

1923 жылы Муссолини Италияда құмар ойындарға тыйым салды;

1945 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы полигонда атом бомбасы алғаш рет сәтті сынақтан өтті;

1969 жылы адамзат тарихындағы Айға тұңғыш сапар басталды – АҚШ-тың «Аполлон 11» ғарыш кемесі ұшырылды.

16 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1999 жылы Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор Астана қаласына «Қалалар бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсы жеңімпазының медалі мен сертификатын табыс етті. Осы күннен бастап Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды;

2001 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды;

2011 жылы астана уақыты бойынша 05.16-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату серігі сәтті ұшырылды;

2014 жылы  көрнекті жазушы, қазақ тіліндегі тұңғыш романның авторы Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1930) жерленген жері белгілі болды. Павлодар облысы әкімдігінің сауалына Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Орталық мұрағатынан жауап келді. Онда Ж.Аймауытов Ваганьков зиратында (Мәскеу) жерленгені жайында айтылған;

2014 жылы Алматы  облысында  Қазақстандағы алғашқы «Отан қорғаушы» әскери-патриоттық лагері ашылды.

16 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1928 жылы танымал американдық жазушы-фантаст Роберт Шекли дүниеге келді;

1932 жылы белгілі фигурист, олимпиаданың екі дүркін чемпионы Олег Протопопов дүниеге келді. Ол Людмила Белоусовамен бірге өнер көрсетті;

1963 жылы ресейлік әнші Григорий Лепс дүниеге келді;

1968 жылы әнші, ақын, композитор Леонид Агутин дүниеге келді;

16 шілдеде Қазақстанда кім туды

1908 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Александр Бараев дүниеге келді;

1947 жылы танымал қазақстандық хирург, медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, хирургтардың халықаралық қоғамының мүшесі Қырым Ахметов дүниеге келді;

1964 жылы «KEGOC» қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев дүниеге келді.   

Ай күнтізбесі

Ай бұл күні әлі де Тауешкі зодиак белгісінде орналасады. Маңызды бастамаларды іске асыруға болады. Өз ұсыныстарыңызды ашық айтыңыз, оны қолдайтын адамдар міндетті түрде табылады. Іскерлік ортада қиын сұрақтар мен проблемалар сәтті шешілуі тиіс. Көшуге де сәтті уақыт, бұл күні саяхат жасап, қызмет саласын өзгертуге де болады. 16 шілде сейсенбіге түсіп тұр. Мықты әрі жігерлі адамдар табысқа жетеді. Себебі олардың энергиясы көп.



sputniknews.kz

Загрузка...