2 сәуір — атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 92-ші күн. Жыл соңына дейін 273 күн бар

2 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Халықаралық балалар кітаптары күні аталып өтеді. Балалар кітаптары бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның суреттері, таңғажайып сюжеттері және ұйқыға жатар алдында қызықты ергегілер оқып беретін жақын адамыңның дауысы өмір бойы есте қалады. Біздің әрқайсымыз үшін бұл, әрине, бастапқыда қарапайым халық ертегілері болғанмен, кейінірек өте парасатты және өнеге аларлық сюжет болып шығады. Олардың арасында «Қалайы сарбаз», «Сұмпайы үйрек», «Түймеқыз» және тағы басқа жан тебірентерлік шығармалар болды. Оларды 1805 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген біртуар дат жазушысы Ганс Христиан Андерсен жазған. 1967 жылы дәл осы күні Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңес (IBBY) тамаша мереке – балалар кітаптарының халықаралық күнін құрды.  

Сондай-ақ бүгін Аутизм проблемасы жайлы ақпараттарды таратудың дүниежүзілік күні аталып өтеді. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы белгіледі. Алғаш рет 2008 жылы аталып өтті. Аутизм проблемасы жайлы ақпараттарды таратудың дүниежүзілік күнін енгізу бастамасын Катар елі көтерді. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында балалардың аутизм проблемасына назар аудару, осы ауруды ерте анықтау және оның пайда болуына жол бермеудің маңыздылығы атап көрсетілген.

Сондай-ақ бүгін – Ресей мен Беларусь халықтарының бірлігі күні. 1996 жылы дәл осы күні Ресей мен Беларусь президенттері Борис Ельцин мен Александр Лукашенко Мәскеуде «Ресей мен Беларусь қауымдастығын құру туралы» шартқа қол қойды. Бір жылдан кейін, 1997 жылдың 2 сәуірінде «Беларусь және Ресей одағы туралы» шартқа қол қойылды, ол екі мемлекеттің жан-жақты интеграциясы үдерісіне тың серпін берді. 1997 жылдың 23 мамырында Беларусь және Ресей одағының Жарғысы қабылданды, ал 1998 жылдың 25 желтоқсанында Ресей мен Беларусь президенттері «Ресей мен Беларусьті одан әрі біріктіру туралы» Декларацияға қол қойды.

2 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:

1884 жылы Оксфорд университеті қыздарға емтихан тапсыруға рұқсат берді;

1912 жылы «Титаник» лайнері жүріс сынағын өткізу үшін теңізге шықты. Ол сәтті өтті;

1966 жылы кеңестік «Луна-10» ғарыш жер серігі Айды айналып ұшқан әлемдегі алғашқы ғарыш аппараты атанды;

 1958 жылы АҚШ президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэр  NASA құру туралы заң жобасын ұсынды.

2 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитеті құрылды;

2001 жылы Алматыда Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры құрылды;

2003 жылы Алматы қаласының жастар үйі ашылды.

2 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар:

1725 жылы атақты италиялық авантюрист, саяхатшы және жазушы Джакомо Казанова дүниеге келді;   

1937 жылы кеңестік және ресейлік әңгімелесу жанрының актері, сықақшы, дыбыс реттеуші, актер, тележүргізуші Юрий Григорьев дүниеге келді. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1989);

1969 жылы ресейлік музыкалық продюсер Иосиф Пригожин дүниеге келді;

1990 жылы Ресей көркем гимнасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008, 2012), бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгения Канаева дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген спорт шебері (2008).

 2 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:   

1938 жылы Түркістан қаласындағы алғашқы театрдың негізін қалаушы, Қазақ КСР халық әртісі, актер және режиссер Райымбек Сейітметов дүниеге келді;

1949 жылы спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Приходько дүниеге келді;

1952 жылы тележурналист, «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі (1998 жылдан бастап), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеге келді;

 1977 жылы Қазақстан президенті іс басқармасы медицина орталығының басшысы Алексей Цой дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Бұл күні сізге жаңа, едәуір тұрақты және табысы жоғары қызмет ұсынады, бірақ келісуге асықпаңыз. Өз бағаңызды арттыру үшін шешім қабылдауды сәл кейінге қалдыра тұрыңыз, сіз оған лайықсыз. Бірақ «жылы орынға» басқа біреу отырып алмасын деп жөнсіз тырмыспаңыз.



sputniknews.kz