Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Табылған қару-жарақтарға криминалистік сараптама жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен атыс қаруы мен оқ-дәрінің 11 түрі тәркіленді, деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

8 тамыз күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері саясаткердің Кой-Таш ауылындағы үйінен Драгунов снайперлік винтовкасын, Симонов өздігінен зарядталатын карабинін, «Капрал» тапаншасын, GM-100 маркалы екі тапанша, «Сайга» карабині, ТОЗ қосауыз мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress қаруларын тапты.


©
Photo : Пресс-служба МВД Кыргызстана

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен тәркіленген қару-жарақ

Бұған қоса, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағынан тартып алынған қарулар да тәркіленді.

Тағы оқыңыз: Атамбаевтың қызы видеоүндеу жариялады

Қазір криминалистік сараптама жасалып жатыр.

Атамбаев қалай ұсталды

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.



sputniknews.kz