Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту заңды

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгерте алмаса да, референдумнан бас тартып, мәселені парламенттің қарауына беруге құқылы

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Әділет министрлігі Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту процедурасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік түсіндіргендей, парламент Ата заңға түзетулерді Конституцияның 53-бабы негізінде енгізе алады. Яғни, палаталардың бірлескен отырысында парламент президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

«Алайда, Конституцияда сайланған президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату нәтижесінде президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруге құқығы жоқ екендігі айтылған (48-бап)», — деп түсіндірді әділет министрлігі.

Сонымен қатар, Конституцияға түзетулер республикалық референдум арқылы да енгізілуі мүмкін (91-бап). Парламент немесе үкімет референдум өткізу туралы ұсыныс білдіре алады. Ал референдум өткізіп-өткізбеу туралы шешімді президент қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан: елордалық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады

«Егер президент оны парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл жағдайда парламенттің шешімі жоғарыда аталған 53-бапта көзделген тәртіппен қабылданады», — деп атап өтті ведомство.

Тағы оқыңыз: Биылғы Наурыз ерекше: Нұрсұлтандықтар мейрамды қалай тойлап жатыр?

«Елорда атауын өзгерту туралы Ата заңға түзетулер жоғарыда көрсетілген рәсім бойынша Қазақстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес енгізілді», — деді министрліктен.

Еске сала кетсек, 20 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының ұсынысын парламент, кейін қалалық мәслихаттың депутаттары қолдады.



sputniknews.kz