Астаналықтарға қар барысының жоғалу қаупі туралы айтылды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Халықаралық қар барысы күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында «Қар барысын сақта» атты экологиялық акция өтті. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Экологиялық шара «Барыс Арена» кешенінде «Барыс» – «Витязь» хоккей клубтарының матчы алдында ұйымдастырылды

Акция барысында жанкүйерлерге сыйлық таратылып, балалар түрлі ойын ойнады.

Мұз айдынында қар барысының епті қимылдары 3D-шоу арқылы көрсетілді.

Осылайша, шараны ұйымдастырушылар елімізде қар барысының азайып бара жатқанын атап өтіп, оның популяциясын сақтау мәселесіне көпшіліктің назарын аудартқысы келген.

Тағы оқыңыз: Елімізде қанша қар барысы қалды?

Ақ барыс – қазақстандықтар үшін ерекше жануар. Ол – мемлекеттің символы, әрі Алматы қаласының гербінде бейнеленген. Қазақстанда қар барысы Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларын мекендейді. Бүгінде елімізде шамамен 130 ақ барысы бар.

Бұл жануар 12 елдің аумағында ғана мекендейді: Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Непал және Бутан.



sputniknews.kz

Загрузка...