Астаналық оқушылар полицейдің жұмысымен танысты

26
- Жарнаманы баса кетіңіз -
29 Қараша 2018, 21:37 229 0

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. 27-29 қараша аралығында республикада «Мен және менің полицейім» атты акция өткізілуде. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Акцияның мақсаты – балаларды полицияның жұмысымен таныстырып, қоғамдық орындардағы және жолдардағы негізгі ережелерді үйрету.

Шара аясында балалар полиция департаментінің Жол-патрульдік полиция полкінде, Жедел басқару орталығында, Кинология орталығында, полиция бөлімшелерінде болып, ведомствоның мұражайын аралады. Сондай-ақ, балаларға жол-патрульдік полиция полкінің қызметтік автокөлігі, Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерінің жарақтары мен киімі көрсетілді.

Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Арман Айтыбековтің айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың полиция қызметінің жұмысымен танысуына және жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, акция күндері қаланың барлық мектептерінде кездесулер, байқаулар, өзін-өзі қорғау тәсілдерін қолдануды үйрету сабақтары, оқушылардң құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.



















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...