«Астана Су Арнасының» екі басшысы ұсталды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Тереңдігі үш метр құдықта қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан төрт коммуналдық жұмысшы ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қазақстанның астанасында кәріз құдығында төрт жұмысшы қаза болғаннан кейін «Астана Су Арнасы» МҚК екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 2019 жылдың 23 мамырында болған. Коммуналдық қызметтің төрт жұмысшысы Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайы маңында канализациялық сорғы станциясының резервуарын бөлшектеп жатып, құдық ішінде улы газдарға уланып, бірінен соң бірі есін жоғалтты. Дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.

Жұмысшылар құдық ішінде респираторсыз жұмыс істегені анықталған.

Оқиғадан кейін полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан көп адамның қаза болуы туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғады.

«Тергеу барысында бірқатар қажетті сараптама мен арнайы тексеріс жүргізілді, оқиға куәгерлерінен жауап алынды. Нәтижесінде «Астана Су Арнасы» МҚК лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталып, 13 маусымда екі басшы – В. және М. есімді азаматтар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», – деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...