Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Шымкент, Түркістан

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Елдің солтүстігі, орталық, шығыс пен оңтүстік-шығысында жауын-шашынды болады.

Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейе түседі, шаңды дауыл болады деп күтіліп отыр. Солтүстіктің кей жерінде тұман болады.

Дабылды ескерту

18 тамыз күні Түркістан облысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – секундына 15-20 метр.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, тұман болады.

Павлодар өңірінде кей жерде тұман болады. Желдің екпіні секундына 18 метр шамасында.

Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жел күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болады.

Ал Қарағанды өңірінде күн күркірейді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облысының басым бөлігі, Жамбыл өңірі, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарында өрт қаупі жоғары.



sputniknews.kz

Загрузка...