Асқар Маминнің Мәскеуге не үшін баратыны белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанның премьер-министрі 25 қазанда Ресейдің астанасында өтетін екі бірдей маңызды жиынға қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстан үкімет басшысы Асқар Мамин 25 қазанда Мәскеуде өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ТМД үкімет басшылары кеңесі

Оның айтуынша, бұл отырыста ТМД премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылайды.

«2011 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қол қойған еркін сауда аймағы туралы шартты іске асыру, ТМД елдері арасындағы қызметтердің еркін саудасы туралы келісім жобасын келісу туралы пікір алмасу өтеді. Іс-шараға қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғамды цирфлық дамыту саласындағы ынтымастастық тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекітеді», — деді Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен қатар ол отырыс шеңберінде ТМД басшылары құқық қорғау саласында өзара іс-қимылды тереңдетуді көздейтін халықаралық шарттарға қол қоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясына және 2025 жылға дейінгі кезеңде құс тұмауы мен ньюкасл ауруымен күресу және алдын алу бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл кешеніне қол қою жоспарланып отыр», — деді ресми өкіл.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы

Айбек Смадияров брифинг барысында Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысатынын жеткізді.

«Бұл осы жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының төртінші кездесуі болады. Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесі қаралады. Іс-шара барысында бірқатар келісімге қол қою жоспарланған», — деді ол.

Қандай мәселелер талқыға салынады?

Сондай-ақ ресми өкіл үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтағы алдағы жұмыстардың бағыттарын анықтайтынын, әрі сауда экономикалық ынтымақтастықтың және мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданы кеңейту, Еуразиялық экономикалық одақтағы ішкі нарық аясындағы кедергілерді жою, экономиканың жекелеген салаларындағы интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатын атап өтті.



sputniknews.kz