Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Полиция қаза тапқан адам мен күдіктінің туыс екенін хабарлады

АЛМАТЫ, 12 шілде — Sputnik. Қостанай облысында бокстан Қазақстан чемпионы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Облыстағы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 11 шілде күні 32 жастағы Ақсай ауылы тұрғынының денесі табылған. Бұл туралы полицияға қайтыс болған адамның әйелі хабарлапты. Оның айтуынша, ер адамды туысының үйіне бара жатқан жолда біреу бауыздап кеткен.

Оқиға орнына аудан прокуроры Ринат Кәрімов бастаған жедел-тергеу тобы жетті.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді

Полиция күдіктінің Заречный елді мекеніне бет алғанын анықтады. Бұл ақпарат «Садовод» шаруа қожалығының басшысына жеткізілді. 

Бірнеше минуттан соң ферма күзетінің басшысы Евгений Радюк  күдіктіге ұқсайтын адамды көргенін айтты.



sputniknews.kz