Арыстан өзін сипамақ болған туристің қолын тістеп жұлып ала жаздады – қорқынышты видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жантүршігерлік оқиғаны ер адамның әйелі видеоға түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Африканың Вирджиния қаласында ашулы арыстан туристке шабуыл жасады, деп хабарлайды Daily Mail.

Питер Нортье әйелі Илземен бірге отасқанына он жыл толғанын тойлау үшін Оңтүстік Африка республикасына саяхаттап барады. Олар орналасқан қонақүй гиді ерлі-зайыптыны ертіп, аңшылық аумақты аралатып жүреді. Питер жыртқыштар мекендейтін қоршаудың арасынан қолын өткізіп, арыстанды құлағынан сипамақ болыпты.

Сол кезде ақ арыстан тап беріп, Питердің қолынан тістеп, бес секунд бойы жібермей тұрды. Кадрдан тыс видеоны түсіріп тұрған Илзенің «тістеп алды, тістеп алды!» деген айғайы естіледі.

Ер адам ауыр халде Блумфонтейн қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Ол септикалық шок алыпты.

Қонақүй өкілі бұл оқиға үшін жауапкершілікті мойнына алмайтынын жеткізді. «Бүкіл жерде ескерту белгілері бар, арыстанды сипамақ болып еді, зардап шекті», — дейді ол.



sputniknews.kz