Аружан Саин қазақстандықтардан көмек сұрады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ересектер балаларды қайыр сұрауға мәжбүрлейді деген ойын айтты. Ол мәселе шешімін ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақстандықтардан көшеде қайыр сұрайтын балалар туралы ақпарат жинауға көмектесуді сұрады.

Оның айтуынша, балалардың көше, дәмханаларда көмек сұрауын тоқтатып, мәселені кешенді шешудің кезі жетті. Саин балаларды бұл іске ата-анасы итермелейді деп отыр. Ол 2018 жылы болған жағдайды мысалға келтірді.

«Өткен жылы Еркін Тәтішев дәмханада қайыр сұрап жүрген баланы көріп, полиция шақырды. Тәртіп сақшылары келген кезде кенеттен балалардың «туыстары» шығып, оларды үйге алып кететінін айтқан. Анасы Ресейде напақа тауып жүр деді. Полиция қызды кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, ал ересектер полиция учаскесіне жеткізілді», — деп жазды Аружан Саин өзінің Instagram парақшасында.

Баланың бұған дейін де бірнеше рет орталыққа келгені анықталды.

«Бірнеше күннен кейін қыздың атасы келіп, алып кетті. Біз оқиғаны назарда ұстадық. Алайда туыстары қызды Шымкентке алып кетті деді. Мекен-жай бойынша таба алмай қалдық. Бірақ бұл өтірік екені анықталды. Қыз дәмханлардың бірінде қайыр сұрауын жалғастырған», — делінген жазбада.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, Қазақстанда мұндай балалар аз емес. Саин бұл мәселені шешу үшін тұрғындардан көмек сұрады.

«Балалардың еңбегін пайдаланып, қайыр сұраудан қорғау бойынша кешенді шаралар дайындау керек. Мұндай балалар тіпті мектепке де бармайды. Осындай фактілерді жинауға көмектесулеріңізді сұраймын», — деп жазды Саин.

Ол көше мен қоғамдық жерлерде қайыр сұрап жүрген балалардың фотосын +7 747 674 1554 WhatsApp нөміріне жіберу керек екенін жазған. Сурет түсірілген жер мен күнді міндетті түрде көрсету қажет.

Тағы оқыңыз: Аружан Саин неге қазақша сөйлемейтінін айтты

Сондай-ақ, Аружан Саин көшеде қайыр сұрайтындарға садақа бермеуге шақырды. Ешкім ақша бермесе, ересектер балаларды бұл бизнеске итермелеуін тоқтатады деп қорытындылады ойын.



sputniknews.kz