Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аштан қатырып, тамақ сұраса шапалақпен ұрған – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аштан қатырып, тамақ сұраса шапалақпен ұрған. Бұл туралы ата-аналар шағымдануда. Бұл қаншалықты рас? Ал мекеме басшылығы не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алина Обайдуллина көрмегенім енді осы балабақша болсын деп отыр. Үш жасар ұлы «тәрбиеші шапалақпен салып жіберді» деп келгенде, «бала ғой, қосып айтқан шығар» деп сенбепті. Ал жақында келіншектің қолына таңғы ас кезіндегі бейнежазба түскен. Оны көріп, төбе шашы тік тұрыпты. 

«Балалардың алдында ботқа деген атымен болған жоқ, тек нан мен май, сосын шай болды. Дереу түскі ас кезінде бардым, меңгерушімен сөйлестім. Түскі асқа не бересіздер деп едім, сорпа болады деді. Мен оған да күмәндандым. Ал екінші ас болған жоқ. Себебін сұрағанда, бәрі ата-аналардың қарызына келіп тіреледі деп түсіндірді», – дейді балалардың анасы Алина Обайдуллина.

Астан шыққан айқай әлі басылмай тұр. Балабақша құрылтайшысы  «мұның барлығы біздің мекемеге жабылған жала» деп отыр. Мәзір талапқа сай жасалады деп сендірді.

«Шамалы қателіктер болды бізде, нюансы. Себебі, бір ата-ана екінші тамақтану кезінде телефонға түсіріп алып 1-тамақ деп соцсетке салды. Мен жала жауып тұр деймін», – дейді балабақшаның құрылтайшысы Толқын Шектібаева.

Балабақша қожайыны қанша жерден ата-ана жала жапты дегенімен мемлекеттік тапсырысты орындап отырғаннан кейін «судың да сұрауы» бар. Қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мектепке дейінгі ұйымда тексерісті бастап кеткен.

«Ата-ана тарапынан шағым болғанда, тамақ мәселесі, ас мәзірі , сосын оқу процесі сол шағым кезінде бүкіл құжаттарын зерттейміз. Ас мәзірі тамақтары дұрыс дайындалмайды деп беріліп тұр. Сондықтан, сол бағыт бойынша жұмыстар жүргіземіз», – дейді қалалық бөлімнің бас маманы Гүлжан Әмірова. 

Осы жағдай себеп болды ма, жоқ әлде кездейсоқтық па, әйтеуір ата-аналар балаларын басқа мекемеге ауыстыруға арызданып жатыр екен. 

Ата-аналары шу шығарған балабақшаның балаларына тамақты мінекей, осы асүйде әзірлеген. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір мына жерде тіпті электр жарығы да жоқ екен. Мұнда қазір қалалық білім бөлімі арнайы тексеріс жүргізіп жатыр. Кемшіліктерді жоюға белгілі бір уақыт береді. Егер сол уақыт ішінде жоймаса, келісім шартты үземіз деп мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz

Загрузка...