Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ақтаудың бесінші шағын ауданында куәгерлер кәмелетке толмағандардың төбелесін видеоға түсіріп алды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Ақтаудағы кәмелетке толмағандардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Оқиға 12 қараша күні сағат 14:00 кезінде болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімдердің аты-жөні анықталғанын хабарлады.

«Төбелес кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ауруханаға ешкім бармады. Бәрін тексердік. Төбелеске қатысқандардың бірде-бірі есепте тұрған жоқ. Ақтаудың кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі полициясы жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды

Оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің 435-бабы (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша хаттама толтырылған. Бұл бап бойынша бұзақылық жасағандардың ата-аналарына жеті айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Материалдар Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі.



sputniknews.kz

Загрузка...