Ақтауда жоғалып кеткен жеткіншек Жаңаөзеннен табылды

28
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Ақтауда жоғалып кеткен жеткіншек Жаңаөзеннен табылды


Ақтауда жоғалған Эльдар Сеит Жаңаөзеннен табылды.

Оның орналасқан жерін анасына сауда дүкенінің қызметкері хабарлаған. Бұл туралы жасөспірімнің анасы Гүлнар Трапбекова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анасының айтуынша, ұлының жоғалып кеткені туралы хабарламаны әлеуметтік желілерге таратқаннан кейін бірнеше адам хабарласқан. Солардың бірі ұлын сауда үйінен көргенін айтқан.

«Естіген бойда Жаңаөзенге жолға шықтым. Менімен хабарласқан ер адаммен жолықтым. Ол менің ұлымды әлеуметтік желідегі хабарламадан көріп, танып қалған. Мен қалаға келгенде ұлым Эльдарды полиция учаскесіне алып кеткен екен. Сондықтан сол жаққа бардым. Баламды іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға аналық алғысымды айтам. Не үшін кеткенін сұраймын»,-дейді Гүлнар Трапбекова.

Еске салайық, 20 қараша күні 2004 жылы туылған Эльдар Сеит жоғалып кеткен болатын. Ол үйінен көшеге ойнауға шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Загрузка...