Ақтауда әскердің 50 жыл бұрын жазған хаты табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

1969 жылы жазылған хатты Ақтау қаласының тұрғыны Асан Қаражігітов тауып алған. Ол гаражды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» сайтына сілтеме жасап. 

хат

Хатта бес әскердің аты-жөні көрсетілген. 40244 әскери бөлімшесіндегі Виктор Сидельников, Анатолий Агафонов, Валерий Симахин, Геннадий Захаренко, Владимир Зубченко бұл гаражды 1967 жылы өздерінің тұрғызғанын жазған. 

Асан Қаражігітовтың айтуынша, хат былтырғы жылдың ақпан айында табылған. 

«Біз бұл хатты кітаптың арасына салып қойған едік. Содан бері ұмытып кетіппіз. Осыншама жылдан кейін хаттары табылғанын сол кісілер білсе екен деймін. Осы хат арқылы бір-бірін тауып, Маңғыстауда әскерде болғандарын еске алар», — дейді Асан Қаражігітов.

Еске салсақ, 2018 жылы Челябинск қаласындағы №3 перзентханадан арақ бөтелкесінің ішінен 1980 жылы 16 қазанда жазылған хат табылған болатын.

Хаттың авторы ет жетіспеушілігін айтып, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті хатшысы Леонид Брежневке шағымданған. 

«Бесінші дәрежелі ағаш ұстасының жалақысы 180-200 рубль айына. Азық-түліктің бағасы қалыпты болғанымен, етті жылына бір рет ғана жейміз. Біздің басшы Брежнев барлығын шетелге: Камбоджа, Үндістан, Иран және Кореяға жібереді. Өмір сүру оңай емес. Әлем тыныш емес. Соғыс, соғыс…», — делінген хатта. 

Бұл хат әлеуметтік желіде жарияланды.
 

stan.kz