АҚШ аспанында ұшқан белгісіз нысан ғылыми болжамды дәлелдеді – видео

0

Танымал маманның айтуынша, бұл Нью-Йорк штатында бөгде ғаламшар тұрғындарының барына дәлел болады

Желіде Нью-Йорк аспанында қатты жылдамдықпен ұшып бара жатқан диск тәріздес нысанның видеосы пайда болды. Көпшілікттің пікірінше, «бұл — белгісіз ұшатын нысанның шын екенінің дәлелі», деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, видеодағы нысан жолаушылар ұшағы болуы мүмкін деген күдікті жоққа шығарады: жазбаны ақырындатып қарағанда, оның қанаттары жоқ әрі қара түсті екені анық көрініп тұр.

Танымал уфолог Скотт Уоринг мәлімдегендей, бұл видео Нью-Йорк штатында өзге ғаламшарлықтар бар екенін дәлелдейді. Сонымен бірге, оның сөзіне сүйенсек, нысанның бұлттар үстімен ұшып бара жатуы оның жәндік, құс немесе дрон емес екенін білдіреді.