Ақмола облысы тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болды – оқиға орнында түсірілген видео

0

Құтқарушылар өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды райынан қайтарды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Ақмола облысының құтқарушылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Көпқабатты үйдің ең жоғарғы қабатында балконның шарбағынан ұстап тұрған ер адамның видеосын ведомствоның баспасөз қызметі таратқан.

«Щучинск қаласында ер адам көпқабатты тұрғын үйден секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды», — делінген хабарламада.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі жарты сағат бойы ер адаммен телефон арқылы сөйлесіп, психологиялық көмек берген. Ақыры соңында өмірден түңілген тұрғынды райынан қайтарыпты.

Тағы оқыңыз: Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды — қорқынышты видео

sputniknews.kz