«Ақ жол» кандидаты Еспаева тіл сынағынан өтті

0

«Ақ жол» партиясы ұсынған кандидат Дания Еспаева 26 сәуірде қазақ тілі сынағын тапсырды. Тіл комиссиясы Еспаева қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім шығарды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Қазақ тілі сынағы кезінде Еспаева «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында шығарма жазып, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, «Қоғам және демократия» тақырыбында ой-толғау айтқан.

Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде Қазақстан коммунистік халық партиясы ұсынған үміткер Жамбыл Ахметбеков құжаттарын өткізгенін хабарлады. Ахметбеков қазақ тілі сынағын 27 сәуірде тапсырады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі:

Azattyq