Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

0

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, ұшқыш ауруханадан шығып үйіне барғаннан кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

Молдақұловтың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Мерт болғандар арасында борт капитаны Марат Мұратбаев та болған.

Azattyq