«Альваресті жеңсем, Нью-Йорк королі мен боламын» – Рокки Филдинг – Бокс

- Жарнаманы баса кетіңіз -

31 жастағы ұлыбританиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 KO) 15 қыркүйекте Нью-Йоркте WBA Regular белебуін мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (50-1-2, 34 КО) қорғап қалса, алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылатынын айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Филдинг мексикалықтың талантын мойындағанымен, дене ірілігі оған басымдық береді деген ойда.

«Жеңіске жетсем, бір сәтте Нью-Йорк патшасы және бокстағы ең атақты тұлға атанамын, – дейді Филдинг BoxingScene басылымына берген сұхбатында. – Ешкім емес едім, ал енді Madison Square Garden-дегі басты жекпе-жек. Бұл шындыққа айналған арман, менің дайындығым Манчестерде өтеді. «Канелоның» 15 желтоқсаннан кейінгі жекпе-жегі туралы көп айтылып жатыр, ол Дэнни Джейкобс, Деметриус Андраде, ағайынды Чарло немесе Каллум Смитпен Энфилд стадионында жұдырықтасуы мүмкін дейді – айта берсін. «Канело» мені көзге іліп тұрған жоқ шығар, бірақ, менің ойым басқа. «Канелоны» жесем, Энфилдте жекпе-жекті мен өткізем. Баспасөз мәслихатында алғаш кездескенде, Головкинмен жекпе-жектен бері жазылмаған жараларды көрдім. Сонымен бірге, ол сегіз фунт ет жинай алмай жатыр. Оның мықты боксшы екенін түсінем, бұл менің басты сынағым. Бірақ өзіме сенімдімін. Әйтпегенде жекпе-жекті қабылдамас едім. Бұл менің салмағым, мен оған қарағанда ірімін».

Боксшы бой мен салмақ шешуші болатынын айтады. 

«Бұл салмақта өзімді жақсы сезінемін, ал оған ет жинау қажет. Ол алғашқы орта салмақтың мықтысы еді, алайда, бұл басқа дивизион.»Канело» қателік жасамайды, сол үшін оны сүріндіру керек. Қыркүйекте 12 раундты ауыр жекпе-жек өткізді де, менімен жұдырықтасу үшін дайындықты желтоқсанда бастады. Мұндайдан кейін ағза жаттығу лагерін көтере ала ма екен?», – дейді Филдинг.

Загрузка...