Алматыда жас қыз бен үш жігіт жезөкшелерді ұрып-соғып, тонап келген – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алматыда қылмыстық банда интимдік қызмет көрсететін ер адамдар мен әйелдерді ұрып-соғып, тонап келген. Бүгінде күдіктілер тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда жас қыз бен үш жігіт жезөкшелерді ұрып-соғып, тонап келген

Полиция мәліметінше, үш ер адам мен бір жас қыз қала аумағында пәтер жалдап, интимдік қызмет көрсететін адамдарды, көбінесе ерлерді пәтерге шақырған. Алайда олар интимдік қызмет көрсетушіні ұрып-соғып, қорқытып, заттарын ұрлаған. 

«Бұл қылмыстық «төрттік» интимдік сайттарды бақылап, секс индустрия жұмысшыларына қоңырау шалып, оларды өздеріне шақырған. Ақшаны пәтерде төлеуге келісіпті. Артынша интимдік қызмет көрсетуші пәтерге келгенде, «клиенттер» оны ұрып-соққан. Мұнан әрі ақшасын, ұялы телефоны мен бағалы бұйымдарын тартып алған. Бәлкім, олар өз құрбандары полицияға жүгінбейді деп ойлаған болар», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының полиция бөлімінің басшысы, подполковник Ұлан Әбілқайыр. 

Алайда құқық қорғаушылар қылмыстық топтың жасаған осы тәрізді төрт әрекетін дәлелдеді. Күдіктілердің екеуі бұған дейін мүлікке қатысты қылмыс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған. «Төрттіктің» ішіндегі ең үлкені 27 жастағы қыз болып шықты. Қалғандары 1998, 1999 және 2000 жылғы. Полиция мәліметінше, олар мемлекеттің әр түрлі өңірлерінен келген және қалада еш жерде жұмыс істемеген. 

«Олар бірігіп, қылмыстық тірлік арқылы «табыс таппақ» болған. Қазіргі уақытта олардың бәрі тергеу изоляторында отыр. Олар Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша айыпталуда», – дейді Ұлан Әбілқайыр. 

Сонымен қатар полициядағылар аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерден келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрады: 2564-48-70; 254-48-71 және 254-48-72.

stan.kz

Загрузка...