Алматыда тәртіп бұзған жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы полициясы жүргізушіні қала мен бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматыда полицей көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болған еді, алайда ер адам қарсылық танытып, қашпақ болды да, полицейді екі жүз метрге сүйреп әкетті.

Оқиға Мақатаев және Пушкин көшелерінің қиылысында болған.


©
Sputnik / Стрингер.

Полиция қашқын жүргізушіні бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр

Көлікті тұраққа қою ережелерінің орындалуын қадағалауға шыққан полицей қара кроссовердің жүргізушісіне жақындап, құжаттарын көрсетуді сұрайды. Ер адам тәртіп сақшысының айтқанын орындаудың орнына, рөлді бұрып, газды басады.

Полицей көліктің есігіне жармасып үлгеріп, екі жүз метр жүргеннен кейін ұшып түскен.

Инспектр әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Көлік пен тәртіпбұзушыны қала мен бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...