Алматыда құсбегілердің ІІ ашық Азия чемпионаты басталды

0

Алматы, BAQ.KZ. Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатына онға жуық мемлекеттің командалары қатысады.

Дүбірлі дода Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ТІКА» түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, «Қыран» федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

«Қазақстанның өзінен жетпістен астам құсбегі бақ сынамақ. Ал, алыс-жақын шетелдерден жарысқа қатысатын құсбегілер саны жиырмадан астам. Венгрия, Словакия, Италия, Испания, Түркия, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Шотландия, Чехия және Қырғызстан мемлекеттерінен жарысқа қатысу өтінімдері түсті» — дейді ұйымдастырушылар.

Бүркітті шырғаға түсіру, түлкі мен қоянға салу, қаршыға, сұңқар, ителгімен қоян, кептер ұстау, ителгіні далбайға ойнату – Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатының ең қызықты бәсекелері.

Еске салып өтсек, 2013 жылы Астана қаласында бүркітшіліктен дүниежүзілік фестиваль ұйымдастырылса, 2017 жылы Көкшетау қаласында құсбегіліктен І Азия чемпионаты өткізілді.

Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионатының

БАҒДАРЛАМАСЫ

30 қараша
10.00-10.30 Дайындық кезеңі.
10.30-11.00 Құсбегілердің жарысқа қатысу дайындығын сынау.

11.00-14.00 Іріктеу жарысы.1) Қыран құстарды қолға шақыру.2) Еркін ұшыру.

14.00-15.00 Түскі үзіліс
15.00-17.00. Іріктеу жарысының жалғасы
1. Бүркітті шырғаға салу.
2. Сұңқарларды далбайға шақыру
17.00-17.30 Жарысты қорытындылау.

1 желтоқсан
10.00-13.00 Жартылай финал. Еркін аң аулау. Бүркітті қоянға салу.
13.00-14.00 Түскі үзіліс.
14.00-15.00 Аңшылыққа қажетті құрал- жабдықтардың көрмесі.
15.00-16.00 Қаршыға, сұңқарларды кептерге, қырғауылға салу.
16.00-16.30 Жарысты қорытындылау.
2 желтоқсан. ФИНАЛ.
10.00- 10.30. Чемпионаттың Салтанатты ашылуы.
10.30-11.20 Еркін аң аулау. Бүркітті түлкіге салу.
Қаршыға, сұңқарларды қоянға салу.
11.20-12.00 Жарысты қорытындылау. Чемпионаттың салтанатты жабылуы.

Құсбегіліктен II Ашық Азия чемпионаты Алматы қаласының Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында («Промзона» аймағында) өтіп жатыр.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ