Алматыда полиция митинг өткізбек болған «Демпартия» белсенділерін ұстады

0

22 ақпанда таңертең полиция «Демпартияның» он шақты белсендісін ұстады. Олар Төле би мен Төлебаев көшелерінің қиылысында жиналып, «Бостандық» деп айқайлап, Жанболат Мамайды босатуды талап етті. Олар «Астана» алаңына қарай шеру жасап, жүрмек болған. Бірақ полиция белсенділерді ұстап, бірден газельге отырғызып алып кетті.

Мұның алдында Инга Иманбай «Демпартияның» төрт белсендісін полицияның ұстап әкеткенін хабарлады. Олардың арасында Сайлау Лепесов, Ырысбек Тоқтасын да бар.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq