Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жол апатынан көз жұмған ер адамның құжаттары болмаған, енді полиция оның кім екенін анықтауы тиіс

АЛМАТЫ, 17 қараша — Sputnik. Алматыда рөлге мас күйінде отырған 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.


©
Sputnik / Стрингер.

Алматыда рөлге мас күйінде отырған қыз ер адамды қағып өлтірді

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр.

Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды.

Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...