Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан екі адам көз жұмды

- Жарнаманы баса кетіңіз -
Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан екі адам көз жұмды


Бүгін Алматы-Қорғас  тас жолында көлік апаты орын алды. 

Апат салдарынан көліктегі екі әйел адам оқиға орнында жан тапсырған, ал көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғандай, бүгін таңғы 6:00 шамасында  Toyota Avensis автокөлігі кеден бекетіндегі соққыға қарсы қондырғыға соғылған. Көлік апатынан жалғыз өзі аман қалған көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады. 

«Бүгін таңертең Алматы-Қорғас тас жолында көлік апаты болғаны рас. Көліктегі екі жолаушы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу басталды»,- деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Сондай-ақ, ведомство өкілі аталған көлік апаты облыстық анықтау басқармасының қарамағында екенін жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...