Алматы-Қорғас тас жолында көлік шекарадағы постқа соқтығысты — новости Казахстана

0

Бүгін таңертең Алматы — Қорғас тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, екі жолаушы қаза тапқан. Toyota Avensis көлігі «Нұр Жолы» постының қоршауына соқтығысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kris_p_kz

Фото: instagram.com/kris_p_kz

Қайғылы хабарды Алматы облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жеңіл көлік соққыға төтеп беретін құрылғыға барып тірелген. Оқиға орнында екі жолаушы әйел көз жұмды. Ал жүргізуші ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.