Алматы облысында жүргізушіге шабуыл жасап, тонағандар ұсталды — Қылмыс

0

Алматы облысында жүргізушіге шабуыл жасап, тонағандар ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға Іле ауданының аумағында болған. 28 қарашаға қараған түні Іле ауданының полициясына автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұстады.

«Алдын ала анықтау бойынша, 25 және 33 жастағы екі күдікті жол-жөнекей тоқтатқан көлік жүргізушісіне дене жарақатын салып және бөтелкенің сынығымен қорқытып, қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған», — деліншен хабарламада.

«Қарақшылық» дерегі бойынша екі азамат күдікті ретінде ұсталды және оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған іс Іле ауданы полициясының өндірісінде», — деп атап өтті полиция өкілдері.