Алматы облысында жер сілкінді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қапшағай тұрғындары жер сілкінісін сезген

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында магнитудасы 4.9 жер сілікінісі болды. Қираған үйлер мен зардап шеккен адамдар туралы хабар түскен жоқ.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 09:12 шамасында болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 78 шақырым жерде Қапшағай қаласының маңында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6. Магнитуда MPV – 4.9. Тереңдігі – 20 шақырым. Қапшағай қаласында 2-3 балл болып сезілді (МSК-64 шкаласы бойынша)», – деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Жергілікті атқарушы билік, төтенше жағдайлар бөлімдері, полиция департаменті, прокуратура сынды ұйымдарға хабар берілді. Қираған ғимарат пен зардап шеккен адамдар туралы хабар түскен жоқ.

Бұған дейін сейсмологтар Алматы облысында екі жер жер сілкінгенін айтқан болатын. Біріншісінің магнитудасы – 5,4. Ол таңғы 05:07 кезінде Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жердегі Панфилов ауданында болған. Екіншісі таңғы 06:38-де Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай болды. Магнитудасы 4,6 болған.



sputniknews.kz

Загрузка...