Алматы облысында дауыл тұратынын ескермеген балықшылардың біреуі қаза тауып, екіншісі іздестіріліп жатыр – Тосын жай

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында балық ауламақшы болған екі балықшының біреуі қаза тауып, екіншісі іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап. 

Биыл 22 қарашада Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті SMS хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында 24 қарашада екпіні секундына 30 секундқа дейін және одан жоғары дауылды жел соғатыны туралы дауылды ескерту таратты.

24 қарашада шамамен сағат 17:00-де екі әуесқой балықшы SMS хабарламаны ескерместен, резенке қайықпен Қапшағай су қоймасына шыққан. Оларды жергілікті балықшы байқап, дауылдың жақындап келе жатқанын ескерткен.

25 қарашада куәгер ер адам Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, сол екі балықшының көлікті тастап кеткен жеріне (Қапшағай жағалауының солтүстігіндегі 9-сорғыш станциясы аумағында) қайтып келмегенін хабарлады. 

«Оқиға орнына Қапшағай аумағының құтқару тобы жіберілді, құтқарушылар моторлы қайықтарын көлікке тіркеп, оқиға орынына түске таман келіп жеткен. Себебі оқиға орынына дейін арақашықтық – 100 шақырымнан асады. Оқиға орынына келіп жетісімен Алматы облысының Полиция департаменті арқылы жағада қалдырылған көліктін иесі және тұрғылықты мекенжайы анықталды. Содан соң аталған мекенжайға істің мән-жайын анықтау үшін Іле аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері жіберілді», – делінген хабарламада. 

Олег есімді азаматтың жарының айтуынша, оның 1969 жылғы күйеуі және 1961 жылғы танысы Хакимжан есімді азаматпен Қапшағай су қоймасына балық аулауға кеткен. 

25 және 26 қараша күндері қатты желдің және үлкен толқындардың әсерінен суда іздеу жұмыстарын жүргізуге және тікұшақты тартуға мүмкіндік болмаған. Іздеу жұмыстары жағалау шегінде ғана жүргізілген.

«27 қарашада құтқару тобы суда іздеу жұмыстарына кірісті. Төтенше жағдай орнынан Іле өзенінінің сағасына дейін және №5 сорғыш станциясына дейінгі су айдыны учаскесі тексерілді. Кешке іздеу тобына Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауында іздеу жүргізіп жүрген еріктілерден жергілікті балықшының Шелек ауылы маңынан резеңке қайықты тауып алғандығы туралы қоңырау түсті. Қайықтың ішінде қаза болған Хакимжаның денесі табылған. Ал Олегті іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр, – делінген хабарламада. 

Загрузка...