Алматы облысында алты көлік жол апатына ұшырады – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/424/36/4243615.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20191207/12232059/zhol-apaty-video.html

Зардап шеккен үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ірі жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін

ТАЛДЫҚОРҒАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Сарыөзек ауылының маңында республикалық автожолдың 182 шақырымында алты көлік — Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Нива және Mazda-ның қатысуымен болды. Апатқа көктайғақ себеп болды деп болжанып отыр.  

«Жол апатынан екі әйел және бір ер адам зардап шекті. Олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді. Оларды халі қандай күйде екенін дәрігерлер анықтайды. Барлық көлік Алматы жаққа бара жатқан. Жол апатының себептері тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында облыстық департаменттің жол полицейлері мен Кербұлақ аудандық полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz