Алматы – Екатеринбург тасжолындағы апатта алты адам қаза тапты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дүйсенбіге қараған түні Алматы – Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысты

КӨКШЕТАУ, 8 шілде — Sputnik. Ақмола облысында болған ірі жол көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.

Трагедия дүйсенбіге қараған түні сағат 00:30-да Алматы – Екатеринбург тасжолының 1 093-ші шақырымында болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шенеунік жол апатынан көз жұмды

«ВАЗ-2115», Volkswagen Golf және Mercedes ML-320 көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдаынан алты адам көз жұмды. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөні анықталып жатыр.



sputniknews.kz