Алмат Байшолақов президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Тиісті өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алмат Байшолақов президент әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмат Мұратұлы Байшолақов ҚР президент әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», – деп жазылған Тоқаевтың өкімінде.

Айта кетсек, кеше, 21 тамыз күні президент өкімімен  президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне Әлтайыр Ахметов тағайындалған болатын.

Ахметовтың орнына Ерлан Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.



sputniknews.kz

Загрузка...