Алдағы үш күнде  Қазақстанға баруға  болмайды

0

Шынында да өзімізге де оңай болмайын деп тұр. Өйткені қатты аяз келе жатыр. Осыған байланысты Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі қырғыз азаматтарға алдағы үш күнде Қазақстанға баруға  тыйым салды.

Жол бойы қалың қар және қатты аяз болғандықтан министрлік автокөлікпен қазақ жеріне жолға шықпауды өтінеді.  Өйткені таяудағы үш күнде  қазақ жерінде аяз күшіне мінеді. Күн суытады. Бұрқасын болады.

21-22 желтоқсан күндері республиканың бірқатар жерлерінде ауаның температурасы -40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұл ақпаратты Қазақстанның Төтенше жағдай департаменті де растап отыр. Әсіресе, Астанада  -30-32, Ақмола облысында 30-33, Қарағанды облысында -33-38 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Сондықтан күннің суықтығына орай Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі алдағы үш күнде қырғызстандық жолаушыларға Қазақстан территориясы арқылы жол жүрмеуді өтінеді.

«Қамшы» сілтейді