“Айтуға ұят” Нығматулин жүргізушілерге жағдай жасауды тапсырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

58 0 0

Нығматулин медициналық тексерісті өткізу ережелерін қайта қарау керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеріс өткізу ережелерін қайта қарастыру қажет деп санайды. Бұл туралы спикер төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша заң жобасын талқылау барысында Нығматулин жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық тексерістен өту тәртібін көтерді. Спикер денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтен медициналық комиссиядан өту үшін қанша дәрігерге қаралып, қанша зертханалық анализ тапсыру керек деп сұрады.

Әбішев барлық процес шамамен екі сағатты уақытты алатынын атап өтті. Айтуынша, азаматтар сегіз маманның алдынан өтіп, жеті анализ тапсыруы тиіс.

“Жеті және сегіз. Жүргізуші емес, ғарышкерлер дайындап жатқан сияқтысыңдар құдды. Қазір заман басқа. Кейбір көрсеткіштер бойынша тестілеуден өткізу жеткілікті, көру, есту қабілеті деген сияқты. Оңтайландырып, ұсыныстар енгізіңіздер”, – деді спикер.

Бұған қоса, Нығматулин мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында медициналық тексерістің ұйымдастырылу деңгейін сынға алды.

“Адамдар анализ тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұратынын білесіздер. Адамдар шағымданып жатыр”, – деді төменгі палата төрағасы.

Нығматулин медициналық тексерісті өткізу ережелерін қайта қарау керек деп санайды.

“Олар 6-10 жыл бұрын бекітілген. Адамдарға ыңғайлы болатындай жағдай жасау керек. Айтуға ұят, адамдарды бір кезектен екіншісіне айдайды. Анализдердің бәрі адам төзгісіз жағдайда жиналады. Ол жерге егде жастағы адамдар да барады. Жаңа ереже әзірлеңіздер”, – деп ашуланды мәжіліс спикері.



sputniknews.kz

Загрузка...