Айсұлтан Рахат: «Биологиялық әкем Нұрсұлтан Назарбаев»

0

22 қаңтар мен 23 қаңтарда Айсұлтан Назарбаевтың жеке парақшасындағы мәлімдемелері әлеуметтік желілерді жарып тұр. Одан сұқбат алғандардың жазбалары да баршылық. Айсұлтанның айдай әлемге жар салып айтпақ болғандары Бразилиялық сериалдарды он орап алады. Байғұс баланың жарты жылдай ғана бұрын бәңгілік (есірткілік) дерттен Лондонда қонақ үй терезесінен секіріп кетпек болғаны үлкен шу болып еді. Енді – мынау. Айтуына қарағанда оның биологиялық әкесі Нұрсұлтан Назарбаев көрінеді. Жақында біреулер оны ұрлап әкетпек болған. Ол өзіне қауіп анасы Дариға Назарбаева тарапынан туып отыр деп есептейді. Магиямен айналысатын анасын «ведьма» дейді.
Бұл мәлімдемелер жоғарғы билікте дүрбелең туғызып жатқаны ақиқат. Өйткені ши басқа жерден емес Елбасының өз отбасынан шығып жатыр ғой. Әлбетте Айсұлтанның мәлімдемелеріне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев та, Дариға Назарбаева да ләм-мим деп тіс жармайтыны ақиқат. Оларға мұның бәрін «наркоман баланың сандырағы» деп бағалау тиімді. Қалың көпшіліктің көкейінде сан мың сұрақ. Сарапшылардың пікірінше бұл дау оған қатысушылардың бірінің түбіне жететін тәрізді. Әсіресе өзі айтқандай Айсұлтанның тағдыры қыл үстінде. Шығыста «Мезгілсіз шақырған әтештің кәлласын кеспек ләзім» деген сөз болушы еді. Айсұлтан бала өз мәлімдемелерінің құрбаны болып кетпесе болғаны.

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев)

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз