Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Олжаға кенелген ер адам қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны Кевин Фрэнсис миллион фунт стерлинг (500 млн теңгеге жуық) ұтып алды. Ол ауырып жатқан әйеліне лотерея билетін алған, деп хабарлайды Daily Mirror.

Ер адам 75 жастағы әйеліне сыйлық жасамақ болыпты.

«Бренданың денсаулығы сыр берді. Сондықтан  скретч-карталар көңіл-күйін көтереді деп шештім. Мен миллион ұтқаныма сенбедім. Билетке қайта-қайта қарай бердім. Бір сағат бойы әйеліме ұтыс туралы айтқан жоқпын. Ал айтқан кезде ол тіпті сенбеді», — дейді Фрэнсис.

Ұлыбритания тұрғыны қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ол суда жүзуді үйренбек.

«Мен үнемі теңіз жағалауында тұратынмын. Жүзу білмеймін. Үйренуге ақшам да, уақытым да болмады. Енді осындай мүмкіндік туды», — дейді ер адам.

Тағы оқыңыз: Күйеуінің мінезіне көндіге алмаған әйел ажырасуға бел буды

Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.



sputniknews.kz