Айдын Рақымбаев: Балалар үйі аз болған сайын – бақытты балалар да көбейеді

54
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Астана, BAQ.KZ. Бүгін, құрметті форумға қатысушылар, мен болашағы алаңдататын адамдардың тағдырын қозғағым келеді. БҰЛ – ЖЕТІМДЕР. BI Grup басшысы Айдын Рақымбаев Астанада өтіп жатқан Азаматтық форумда Елбасыға жетім балалар мәселесін айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің қолдауыңыздың арқасында Қазақстандық бизнес белсенді түрде дамып, әлеуметтік жауапкершілігін сезініп келеді және мемлекетпен өзара тиімді қарым-қатынас жасайды. Бизнестің болашағы әрқашан адамдарға байланысты, яғни ол балалармен тығыз байланысты. Алыс дағдарысты жылдары балалар үйлерінде ондаған мың бала тәрбиеленді. Ел қиын кезеңдерді бастан кешірді және біздің жетімдеріміз асыраушы ата-аналарымен бірге шетелге кетті. Қазір жағдай жақсы жаққа өзгерді, өйткені мемлекет жетімдікті азайту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Бірақжалғыз мемлекеттің күші оған жеткіліксіз» – деді Айдын Рақымбаев.

Оның айтуына қарағанда, бес жылдан астам уақыт бұрын кәсіпкерлер тобы «Ана үйі» жобасын іске асыруды бастады. Және бұл керемет нәтиже берді!

«Сонда… осы жобаның басында сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, «Ана үйін» өзіңіз қолдап, оған ерекше мәртебе бердіңіз. Жоба толық күшіне енді. Бүгінде біз еліміздің 19 қаласында 25 үй аштық. Жобамыздың арқасында 3 600 жас ана сәбиін тастамады, өзінің кішкентай отбасын сақтай алды. Сондықтан балалардан бас тарту саны 70%-ға қысқарды. Нәтижесінде балалар үйіндегі балалар саны екі есе қысқарды: 11 мыңнан 5 мыңға дейін. БҰЛ – БІРЛЕСКЕН ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК!» – дейді ол.

Сонымен қатар ол бала отбасында өсу керектігін баса айтты.

«Біздің келесі МИССИЯМЫЗ жетімдер санын қысқарту және оларды асырап алуға дайын адамдарға көмек көрсету. Бала отбасында өсуі керек. Ол қандай жағдай жасалмасын қазыналық балалар үйінде емес, отбасында бақытты. Қазіргі таңда бүкіл ел бойынша біздің Қордың мамандары асырап алушы ата-ана болуға тілек білдірген азаматтарға кеңес беріп, оларды дайындайды. 2 жыл ішінде бізге 5 мыңнан астам адам өтініш білдірді, 1000-нан астам болашақ ата-ана әрбір облыс орталығында орналасқан біздің мектептерде асырап алушы ата-аналар оқуынан өтті және 800-ден астам бала асырап алынды» – деді форумда сөйлеген сөзінде ол.

Бұл жұмыстың барлығы қазақстандық кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүргізіледі. Атқарылған жұмыс аз емес.

«Біріншіден, біздің АНА ҮЙІ жобасының базасында Бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес ұлттық агенттік құруға жәрдемдесуіңізді сұраймыз. Екіншіден, жетімдерді жылдам қысқарту мақсатында балалар үйлерінің ескірген жүйесін реформалауды бастау қажет. Неге және біз мұны не үшін қалаймыз? Өйткені балалар үйінде жетімдермен жұмыс істеудің ескі әдістері сақталған. Олар балаларға қоғамның бір бөлігі болуға кедергі келтіреді. Айта кету керек, Қазақстанда балаларды іріктейтін 12 шетелдік агенттік жұмыс істейді, бірақ қазақстандық бірде-бір агенттік жоқ. Олардың лицензиясы мен заңды мәртебесі бар. Ал біз өз елінде тұрып, жеткілікті тәжірибе мен қаражатпен заңнамалық қайшылықтарға байланысты мұндай агенттікті аша алмаймыз. Екі жыл бойы біз бұл мәселені шешуге талпындық, бірақ нәтижесіз. Және бұл көмек қажет. Егер балалар үйлері жүйесін реформалау туралы айтатын болсақ, біз қосылуға дайынбыз. Бізде бұл мәселені шешу бойынша көзқарас бар. Оңтайлы МЕХАНИЗМ – бұл мемлекеттік және жеке серіктестік» – дейді Айдын Рақымбаев.

Оның айтуына қарағанда аталған ұсыныс қолдау тапса, жетімдер санын тағы 8 есе азайтуға және балалар үйлерінің көпшілігін жабуға, ал қалғандарын отбасы мен балаларды қолдау орталықтарында қайта бейіндеуге болады.

«Біз бұл үлкен іске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден біздің бастамаларымызды қолдауыңызды сұраймын. Балалар үйі аз болған сайын – бақытты балалар да көп. Демек, болашақта бақытты азаматтар да көп болады!» – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аталған форумда Елбасы жетім балалар мәселесіне баса назар аударған болатын.















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...