Аялдамадағы апат: қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Аймақ басшысы өз орынбасарларына жол апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жуырда Қызылордада болған жан түршігерлік апатқа түсініктеме берді. Бұл оқиға салдарынан төрт адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

«Бұл қайғылы оқиға біз Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқанда болды. Жүргізуші машинасын басқара алмай қалып, аялдамаға соғылды. Бес адамды қағып, оның үшеуі сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Әрине, менің атымнан көңіл айтып, қара жамылып отырған отбасылардың үйлеріне барған өз орынбасарларыма, облыс аппараты басшыларына тапсырма бердім. Міндетті түрде қаржылай көмек көрсетіледі», – деп мәлімдеді Қуанышбек Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, 21 қарашада Қызылордада жеңіл көлік жүргізушісі Назарбаев даңғылындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кетті. Оқиға орнында үш адам – ер адам мен екі бала (ағасы мен қарындасы) тіл тартпай кетті. Тағы екі тұрғын – анасы мен ұлы ауруханаға жатқызылды. Кейінірек он жастағы бала ауруханада көз жұмды.



sputniknews.kz

Загрузка...