«Аяғымның асты дірілдеді»: Алматыда тағы жер сілкінді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жергілікті тұрғындар жер сілкінісін сезінгенін айтады, зілзаланың эпицентрі Қытайдың аумағында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Алматы тұрғындары тағы да Қытайдағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазір ғана жер сілкінісін сезіндік. Қанша балл екенін білмеймін, бірақ шамамен 2,5-3 балл секілді. Аяғымның астынан діріл сезілді», – деп бөлісті алматылық әйел Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 370 км жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды сейсмологиялық тәжірибелік-медициналық экспедиция.

«2020 жылдың 19 қаңтарында Алматы уақыты бойынша 19 сағат 27 минут 57 секундта жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы – MPV 6.0», – делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары жерасты дүмпулерін 3-4 балл (МSК-64 бойынша) шамасында сезінді.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті. 

Айта кетсек, сейсмологиялық станция 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.05-те жер сілкінісін тіркеген еді. Зілзаланы Алматы тұрғындары екі балл шамасында сезінді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз