9 қазанда қандай іс-шаралар өтеді

0

9 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «»Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (БҰҰ – UNWTO) Онда тұрақты даму, қаланы басқару, жаңа инновациялар және технологиялар мәселесі талқыға салынып, түрлі тақырыпта панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Саммитке 30 елден 700-ден астам қатысушы келеді деп жоспарланып отыр (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52. Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жүргізіледі).

10.00 – Орыстың ұлы суретшісі, ғалымы, философы, қоғам қайраткері Николай Рерихтің 145 жылдығына орай «Любовь может создавать миры» атты көрме өтеді. Ол 9 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Көрмеге кіру тегін (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы).

18.00 – Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 119-рет театр маусымы ашылады. Осы орайда арнайы пресс-конференция ұйымдастырылып, қонақтар үшін сыйлықтар ойнатылады. Сондай-ақ «Евгений Онегин: Сцены из романа. Наши дни» спектаклі қойылады (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57. Аккредитация +7(7172) 320-570, +7 701 338 05 98).

11.00 – «Эйр Астана» компаниясы алыс жерлерге арналған Airbus 321 LR ұшағын таныстырады (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, 121).

АЛМАТЫ

09.00 — II Kazakhstan Healthcare Forum 2019. Форумға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады. Шара кезінде медицина саласының өзекті мәселелері талқыланып, ем-домның жаңа әдістері таныстыралады. (The Ritz-Carlton Almaty, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Байланыс телефоны: +7 (727) 397 03 06 (ішкі 2252), +7 707 280-46-6).

09.00 — 19.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында Сретенский монастырь хорының концерті (Никольский Соборы, Байтұрсынов көшесі, 56/5).

10.00 – Орталық Азия бойынша үш тарапты келіссөздер жүргізіледі. Шараға алдың елдің сарапшылары қатысады: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Шараға қатысатын 60 сарапшы өңірдегі жердің құнарсыздануы, климаттың өзгеруі, Орталық Азиядағы әр алуандылықты сақтау мәселелерін қозғайды. Шара аясындағ БАҚ үшін пресс-брифинг ұйымдастырылады. Келіссөздерге Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) тұрақты өкілі Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) аға техникалық кеңесшісі Элли Кодси қатысады (InterContinental Almaty қонақ үйі, Желтоқсан көшесі, 181).

09.00-18.00 (9-18 қазан) — Қазақстандағы Ресей күндері аясында «Самая красивая страна» орыс географиялық қоғамының фотокөрмесі ашылады (Рухани-мәдени әкімшілік орталық, Әшімбаев көшесі, 26).

ҚАРАҒАНДЫ

10.00 – Орыс тіліндегі қазіргі заман процестеріне арналған дөңгелек үстел өтеді (Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Мұқанов көшесі. 1 корп. 8).

11.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов «Основы техники русской речи на сцене» шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

10 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 — «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (ООН – UNWTO) (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52.
Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

15.00 – Made in Germany – EEGERU Connect халықаралық музыка фестивалі өтеді. Шараға қатысушылар Garage, Eegeru музыка топтарымен, Сергей Невский, Бригитта Мунтендорф атты композиторлармен кездесе алады (Forum Almaty сауда – ойын-сауық орталығы).

17.00 – Ересектер мен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Шараға 15 елдің спортшылары қатысады. Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Спорттық шара 4 категория бойынша өтеді: ерлер мен әйелдер, жұптық сайыс, мұзда билеу. Халықаралық турнир Олимпиада жүлдегері, атақты қазақстандық фигурист Денис Теннің еске алуға арналған. Жарыс аясында мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен Гала-шоу да ұйымдастырылады («Халық Арена» спорт кешені. Байланыс телефондары: +7 777 674 76 50, +7 (727) 239 11 33).

ҚАРАҒАНДЫ

11.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов «Основы техники русской речи на сцене» шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

11 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей баспа үйінің шыққан кітаптар көрмесі салтанатты түрде ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны +7 (7172) 32 28 40).

19.00 – Фридрих Шиллердің драмасы бойынша «Дон Карлос» операсының тұсауы кесіледі (Астана Опера театры, Қонаев көшесі, 1).

20.00 – Алла Духованың TODES балеті «Продолжение» атты жаңа би спектаклінің премьерасы өтеді (Nomad City Hall, Мәңгілік ел даңғылы, B2.3).

15.00 – ҚР Парламенті мәжілісіндегі «Народные коммунисты»фракциясы кеңейтілген отырыс өткізеді. Шара аясында «Педагог мәртебесі» заң жобасы талқыға салынады (Hilton GardenInn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Байланыс телефондары: +7 (7172) 77 91 73, +7 775 316 26 64).

АЛМАТЫ

08.30 – медицина мекемелерінің ІТ- директорларына, басшыларына арналған конференция өтеді («Holiday Inn» қонақ үйі, Тимирязев көшесі, 2Д. Байланыс телефоны: +7 (747) 094-05-75).

11.00 – «Эфес Қазақстан» компаниясы арнайы шара ұйымдастырады. Шара аясында бүркіттер жабайы ортаға жіберіледі («Сұңқар» орталығы, трасса Алматы – Алма-Арасан трассасы, 8-шақырым. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны арқылы және akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Study UK британ білім беру көрмесі (Rixos President Hotel, Қонаев көшесі, 7).

18.30 – Режиссер П. Лунгиннің «Дирижер» көркем фильмінің көрсетілімі (Тең апостолдар Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, кіші концерт залы, Күйші Дина көшесі, 27/1).

18.00 — Must see in Astana Ballet. Бұл кеште «Астана Балет» көрермендерге екі бір актілі балетті ұсынады: У. Форсайт қоятын «In the Middle, Somewhat Elevated» және Оскар Уайльдтың пьесасы негізінде «Саломею», мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри хореограф ретінде өнер көрсетеді (Astana Ballet театры).

АЛМАТЫ

11.00 – Ресейдің Қазақстандағы күндері жобасы аясында Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Дәстүрлі діндер халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдайды» ғылыми-практикалық конференциясы (Рухани-мәдени әкімшілік орталығы, Әшімбаев көшесі, 26, Тақ залы).  

14.00 – Димаш Құдайбергеннің DQ Scent of Music парфюмдер желісінің ресми таныстырылымына арналған салтанатты шара. Іс-шараға қатысатындар: Димаш Құдайберген, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Vincent Chevalier — француз парфюмері, Дәулет Омарқұлов – компания директоры, сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздары («MEGA» сауда орталығы, Розыбакиев көшесі, 273. Байланыс телефондары: + 7 (727) 317 19 95, +7 (747) 208 93 34).  

13 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Қазақстан-Бельгия матчы. Квалификация аясындағы алғашқы кездесу Брюссельде 3:0 есебімен Бельгия құрамасының жеңісімен аяқталды. «Астана-Арена» стадионындағы қарымта ойында Михал Билектің шәкірттері лайықты футбол көрсетіп, қарсыласынан ұпай алуға тырысады. («Астана Арена» стадионы, Тұран көшесі, 48).

АЛМАТЫ

08.00 – Алматы жартылай марафоны, бұл Алматы марафонына дайындықтың келесі кезеңі. (Тұңғыш президент саябағы. Байланыс телефоны: +7 (727) 311 5185).

09.00 – Almaty Challenge жарыстар сериясының соңғы 4 кезеңі. (Алматы ипподромы, Омарова көшесі, 10А).

14 қазанға жоспарланған шаралар

Қызылорда облысы

11.50 – Қызылорда облысында орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік нысандарына пресс-тур. Көшпелі шарада «Семізбай-U» ЖШС, «Солтүстік Хорасан-U» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия, уран кендерін өндіру процесімен танысу, сонымен қатар атом өнеркәсібі сарапшыларымен кездесу жоспарлануда. (Байланыс телефондары: +7 775 809 5000, +7 (7172) 72 80 62).

15 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкология саласындағы лидерлердің дүниежүзілік саммиті. 2019 жылғы саммиттің тақырыбы – «Қатерлі ісік және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту». Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күресіп жүрген 350-ден астам лидер қатысады. Бұл жоғары қызметтегі әлемдік лидерлер, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және әлемдік БАҚ өкілдері. Форум үш күнге созылады. (Hilton Expo Hotel және «Expo Астана» конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 701 705 78 76).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz