5, 6, 7 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы (Мәжіліс үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 2, баспасөз қызметі: +7 (7172) 74 63 05, +7 (7172) 74 63 01).

10.00 — кітаптар мен пэзия мерекесі (Абай ескерткішінің жанындағы алаң, Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысы).

10.00 — Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының шоу-концерті (Оқушылар сарайы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5).

10.00 – «Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

11.00 — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі («Атамекен» этно-мемориалдық кешені, Қорғалжын тасжолы, 2/1. Аккредитация: press@astana.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 — «Адалдық алаңы» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы әділет министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында меморандумға қол қойылады. «Адалдық алаңы» жобалық офисі тұрмыстық жемқорлық деңгейін жоюға және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған. (Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Аккредитация  pressgov@mail.ru) электронды поштасы арқылы жасалады.   

11.00 — елорда күніне арналған «Корпе Fest» мега-фестивалі. Фестиваль аясында тігін және қолданбалы өнерден көпбалалы аналар үшін тегін оқыту сабақтары өткізіледі. Іс-шараларға Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысады. («Көрме» көрме орталығы, Достық көшесі 3. Аккредитация +7 (7172) 74 35 00 телефоны  немесе press_mtszn@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 — «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Ләззат Рамазановамен баспасөз-таңғы асы. Сондай-ақ «Атамекеннің» басқарушы директорлары –  Ербол Есенеев (АӨК), Бауыржан Оразғалиев (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) қатысады. (Дінмұхамед Қонаев көшесі 8, блок «Б», 24-қабат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz).

11.00 — «Нұр-Сұлтан –2019» пауэрлифтингтен әлем чемпионатына арналған брифинг. 2019 жылғы пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 12-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-орталықта (Сауран көшесі, 44) өтеді. Әлем чемпионатына әлемнің 79 елінен 450-ден астам спортшы қатысады. (Министрліктер үйі (15-кіреберіс, 6-қабат), Мәңгілік даңғылы, 10. Аккредитация +7 701 979 90 01 телефоны немесе pr@paralympic.kz поштасы арқылы жасалады).

12.20 — фитосанитариялық іс-шаралар өткізу барысына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. (Орталық коммуникациялар қызметі алаңында. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

13.00 — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Казцинк» ЖШС арасында көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. (Ritz Carlton отелі, Достық көшесі, 16).

14.00 – ғарышқа екі рет ұшқан NASA астронавты Мэри Эллен Вебермен баспасөз мәслихаты өтеді. Мэри Вебер NASA-ның Технологиялар және инновациялар комитетінің мүшесі, сонымен қатар стратегиялық қарым-қатынастар жайлы кеңес беретін Stellar Strategies компаниясының негізін қалаушы (АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігі, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 3.  Аккредитация astanapress@america.gov) электронды поштасы арқылы жасалады.

15.00 — мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы баспасөз мәслихаты. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова «Президенттік кадрлар резервін» қалыптастыру, меритократия қағидатын сақтау, халыққа сапалы қызмет көрсету жайлы әңгімелейді және басқа да қызықты сұрақтарға жауап береді (Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз орталығы. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10 телефоны немесе press.kpm@mail.ru электронды мекенжайы арқылы жасалады).

15.00 — Арыс қаласындағы қазіргі жағдай туралы баспасөз мәслихаты. Спикер – денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов (Орталық коммуникациялар қызметінің алаңы. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

17.00 — The Spirit of Eurasia қазіргі заманғы этникалық музыканың халықаралық фестивалі (EXPO аумағындағы жазғы сахна. Байланыс телефондары: +7 (707) 840 0373, +7 (705) 565 6622.

18.00 — International Street dance Session in Astana көше биінің халықаралық фестивалі. Байқау 32 номинация бойынша өтеді, шараға Қазақстанның және шет елдердің үздік заманауи хореографтары мен бишілері қатысады. Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер және тағы басқа жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген әлемдік хореографтар төреші болады (Нұр-Сұлтан әкімдігі ғимаратының жанындағы орталық қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11.) Байланыс телефоны: +7 (705 ) 670 68 99).

АЛМАТЫ

8.30 – бокс кеші өтеді. Ал басты жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (25-0) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – доминикандық Хулио де Хесус (27-1). Бұдан бөлек,  Мадияр Әшкеев (12-0), Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) сынды қазақтандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Жалпы, турнир кезінде 11 жекпе-жек ұйымдастырылады. (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).

6 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 — М. Ташпеновтың «Көңілді гномдар» спектаклінің премьерасы өтеді (қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 5).

17.00 — «Нұр-Cұлтанның болашақ жұлдыздары» кәсіби бокс кеші («Барыс Арена» мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57).

17.00 – этникалық музыкаға арналған The Spirit of Eurasia халықаралық фестивалінің екінші күні (ЭКСПО аймағындағы жазғы сахна, байланыс телефондары: +7 (707) 840 0373, +7 (705) 565 6622).

17.00 – Мәскеуден келген «Современник» театрының «Вишневый сад» спектаклі  (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

АЛМАТЫ

11.00 — Technarium ғылыми жәрмеңкесі («Форум» сауда ойын-сауық орталығы, Сейфуллин көшесі, 617).

18.00 – Rap Battle Almaty (Motor Club, 4 шағын ауданы, 1А ғимарат. Байланыс телефоны: +7 (700) 187 58 44).  

7 шілдеге жоспарланған шаралар

11.00 — «Велосипедные покатушки» акциясы (велосипедтерді тегін прокатқа алу). Аталған шара қала күні аясында тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналған. («ASTANA SKICLUB», Тұран даңғылы, 2/4).

12.00 – Домбыра ұлттық күніне арналған концерт («Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң).

17.00 — Мәскеуден келген «Современник» театрының «Вишневый сад» спектаклі  (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

18.00 — Turan Fashion Day халықаралық сән мейрамы. Шараға «Модный Дом» журналы (Мәскеу, Ресей), «VOGUE» журналы (Брюссель/Вашингтон/Мәскеу), сондай-ақ «Silk Road Fashion Road» жобасының өкілдері қатысады («Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 62).

19.00 – «Ән мен әнші» концерті («Астана» концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

20.00 — «Банкок қаласынан сыйлық» (Есіл өзені жағасындағы амфитеатр).

Шолу ашық ақпарат көздері негізінде алдын ала жасалып отыр. Sputnik Қазақстан шаралардың өтпей қалуына, я болмаса, басқа күнге ауысуына жауап бермейді.



sputniknews.kz