400-ден астам полицей дабылмен көтерілді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Алматының төрт ауданының полиция қызметкерлері сел жүру қаупіне байланысты таңертең ерте аяғынан тік тұрды

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүруіне байланысты дабыл қағылып, қосымша төрт жүз полицей жұмысқа кірісті. Тәртіп сақшылары өз міндетін атқарумен қатар, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты.

«Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршау, көліктерді алып кету, қауіпсіз жерге эвакуациялау және халықты хабардар ету», – деп атап өтті Алматының полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Полицейлер бөгеттің жанында

Оның айтуынша, жағдайды бақылауда ұстау үшін, полицияның сыртқы күштері – патруль экипаждары ғана емес, учаскелік инспекторлар, арнайы батальон жасағы, аудандардың жедел тергеу топтары жұмылдырылды.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыдағы сел

Сондай-ақ Бектұров хабарлағандай, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Ұлттық ұлан сарбаздары селдің салдарын жоюға дайын тұр.



sputniknews.kz

Загрузка...