3 желтоқсанда қар жауып, тұман түседі – синоптиктер дабылды ескерту жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қарлы боран соғып, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер 3 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп болжайды. Тек батыс пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.

Дабылды ескерту

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, қар жауады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қостанайда тұман түсіп, қар жауады.

Ақмола облысында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасын болады деп болжайды. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Көкшетауда да тұман түседі деп болжануда.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты 

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында синоптиктер күн бұлтты болады, аздап қар жауады деп болжайды. Ауа температурасы күндіз – 2-4, түнде 5-6 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз 2-6 градусқа дейін жылынады. Түнде ауа температурасы 3-5 градустан жоғары болады.

Шымкентте синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Күндіз 17 градус, түнде 4-6 градусқа дейін жылы болады.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасындатады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжайды.   

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Сонымен қатар, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында синоптиктер желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп болжайды.



sputniknews.kz