3 тамыз: іс-шаралар тізімі – Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар облысы

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Sputnik Қазақстан 3 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 4, 5 және 6 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

08.00 – көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған шара өтеді. Шара аясында үздік қызметкерлер марапатталып, «Мен қалам үшін не жасай аламын?» акциясы, әрі жастар арасында флэш-моб ұйымдастырылады. (Ботаникалық саябақ. Аккредитация: +7 (717-2) 98 35 98 немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – CAC-СКК Қазақстан иттер көрмесі өтеді. Шараны «АРКО және К» кинология және фелинология орталығы ұйымдастырады. («Четыре Лапы» дүкені, Иманов көшесі, 4, Байланыс телефондары  +7 (7172) 21 97 11, +7 701 410 44 14).

10.00 – #Birge #TazaQazaqstan қалалық экологиялық акция. Шара аясында Майбалық көлінің жағасы тазартылады. Қала әкімдігі астана тұрғындары, еріктілер. қоғам қайраткерлері, экологиялық белсенділер мен қала тазалығы бей-жай қарамайтындарды акцияға қатысуға шақырады( Қатысушылар сағат 08:00 кезінде Astana Music Hall мейрамханасының көлік тұрағында жиналады, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 1).

16.00 – «Ғылым жолындағы өмір – Қазақстан тарихындағы Санжар Асфендияровтың орны» лекциясы өтеді. Шара «Воспоминания. Диалоги памяти» және Astana Art Show саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу көрмесі аясында өтеді (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).

АЛМАТЫ

08.00 – «Азия кубогы — 2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» триатлоннан жарыс басталады. 3 тамыз күні Elite санатындағы атлеттер арасында жарыс өтеді. Жарыс 3 кезеңнен тұрады: жүзу 570 метр, 20 шақырым веложарыс және бес шақырымға жүгіру. Әлемнен түрлі елінен 130 спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

09.00 – жігіттер мен қыздар арасындағы велоспорттың олимпиадалық түрінен Алматы чемпионаты өтеді (М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотрек).

12.40 – Elite санатындағы спортшыларды марапаттау рәсімі.

18.00 – Age Group санатындағы атлеттердің брифингі өтеді (Старт қалашығы, Сайран көлі, Төле би көшесі, 290. Байланыс телефоны:  +7 777 306 77 11).

4 тамызға жоспарланып отырған шаралар

Алматы

09.00 – TEMIRADAM кубогының VIII кезеңі басталады (Age Group санаты (әуесқойлар).

14.00 – Age Group санатындағы атлеттерді марапаттау рәсімі және Temiradam кубогының кезеңі – VІІІ Азия кубогының жабылуы (Сайран көлі,  Төле би көшесі, 290. Байланыс телефоны:  +7 777 306 77 11).

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

15.00 – Тәлімгерлік кемпинг: «Жұлдызды жандыр!». Жиында жастар мен кәсіпкерлер бас қосады. Өз ісін бастаған жас кәсіпкерлерге тәлімгер болу мәселесі талқыланады. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, қоғам қайраткері Нұрлан Жазылбеков пен KAZBRANDS ҚҚ жетекшісі Жанна Кәйкенова сөз сөйлейді. Шара 4-7 тамыз аралығында өтеді (Баянауыл ұлттық паркі, «Жан» демалыс аймағы (Жасыбай көлі). Аккредитациядан +7 702 449 25 27 телефон нөмірі немесе  [email protected] электронды поштасы арқылы өтуге болады).

5 тамызға жоспарланып отырған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «Азаматтық қоғамды жаңғыртудағы бітімгердің рөлі» тақырыбына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Жиынға кәсіподақ өкілдері, мектеп, сот, құқық қорғау, әділет органдарындағы бітімгерлер, депутаттар, жастар ұйымдарының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ пен қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

15.00 – «Азия шыңдары» халықаралық көрмесі өтеді. Экспозицияны Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық шығармашылық гильдиясы (Лондон) ұйымдастырады. «Азия шыңдары» – Назира Жеңішбекова-Барриионуэво (Париж), Guli Bost (Лондон) пен алматылық суретші Бибігүл Смақованың ортақ жобасы. Көрмеде 9 жасар суретші Айбике Құбанышбекованың да туындылары болады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

6 тамызға жоспарланып отырған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – XX ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары тақырыбына арналған дәріс өтеді. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған көрме аясында ұйымдастырылады (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).



sputniknews.kz

Загрузка...