22 тамызда қанлай іс-шаралар өтеді

0

22 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласы педагогтарының қатысуымен Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді. Жиынға 1000 адам қатысады деген жоспар бар. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қалалық әкімідігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, ЖОО ректорлары, аймақтардан келген педагогтар және ата-аналар қауымы қатысады. (Казмедиа орталығы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны +7 (7172) 55 6421).

19.00 – «Камералық музыканың тылсым үні» концерті. Концертке Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысады. Айман Бейсен (скрипка), Ильхам Айымбетов (виолончель) және Клим Пак (фортепиано) Мендельсонның «№1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасын», Григтың «№1 скрипка мен фортепианоға арналған сонатасын» және Шостаковичтің «№1 триосын» орындайды (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

15.00 — «Елорда жастары сыйлығы» конкурсына арналған баспасөз мәслихаты. Жобаның мақасыт: елорда жастарының шығармашылық әрі кәсіби жағынан дамуына ықпал жасау, олардың Отанға деген құрмет пен махаббат сезімін арттыру. «Елорда жастары сыйлығы» конкурсына 14 пен 29 жас аралығындағы қала жастары – халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері, өз кәсібінің білгір мамандары, өз елінің дамуына үлес қосқан азаматтар қатыса алады. (Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет 103. Байланыс телефоны: +7 (707) 926 07 96).

АЛМАТЫ

11.00 – I Central Asia Youth Festival (CAYF) Орталық Азия жастар фестивалі. Шараны Қазақстанның тұңғыш президенті қоры мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады. Фестиваль Қазақстандағы жастар жылына арналған. Қордың шараны ұйымдастыру бойынша серіктестері – БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэр қоры («Шымбұлақ» тау курорты. Аккредитация +7 705 919 74 00 нөмірі арқылы жасалады).

12:00 – Кеңес дәуірі кезінде Қазақстанды 24 жыл бойы басқарған мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, академик Дінмұхамед Қонаевқа арналған веб-сайттың таныстырылымы. (Қазақстанның баспасөз клубы, «Самал-2» шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 (747) 262 20 63).

12.00 – «Бақытты отбасы» пилоттық жобасының аралық нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты. Осы жоба аясында 8 аймақта отбасы соттары жанынан қолдау орталықтары ашылған болатын. Жобаның қорытындысы бойынша Неке және отбасы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. (Қазақстанның баспасөз клубы, «Самал-2» шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 (747) 262 20 63).

14.00 – Алматы қаласында велосипед инфрақұрылымын дамыту болашағына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға қатысушылар веложолақтарды өзгертуге қатысты өз ойларын ортаға салады. (Қазақстанның баспасөз клубы, «Самал-2» шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 (747) 262 20 63).

ҚОСТАНАЙ ОБЛАСЫ

09.00 – Қостанай облысы ауыл әйелдерінің форумы өтеді. Шараны Қостанай облысының әкімдігі, «G-Global» халықаралық хатшылығы,»Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы, Қазақстан аграрлық әйелдер ұйымы ұйымдастырады. Форумға ҚР президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия қолдау көрсетеді (Қостанай ауданы, Мичурин ауылдық округі, «Золотой фазан» қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 778 456 09 99).

23 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Танымал суретші Қалиола Ахметжанның 70 жылдық мерейтойы және шығармашылық қызметіне 40 жыл толуына орай көрме ашылады. Қ. Ахметжан – Қазақстанның мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, қарутанушы этнограф, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, қазақтың дәстүрлі қару-жарағының тарихын зерттеп жүрген жалғыз мамамандардың бірі. Алты монография және 100-ден астам мақаласы шыққан. Көрмеге этнографтың қазақтардың қару-жарағы, фольклоры мен тарихына арналған еңбектері шығарылады. (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефондары: +7 (7172) 91-90-35 (ішкі нөмір 326, 327, 332, 344).

12.00 – «Қала жолындағы оқиға» атты балаларға арналған спектакль өтеді. Танымал мультфильмдегі Алекс атты арыстан, Марти атты зебра, Дюбуа есімді комиссар кішкентай феяның көмегімен қалаға келеді. Олар шаһарда жол ережесін білмей біраз қиындықтарға тап болады (Қуыршақ театрты, Республика даңғылы, 3)

14.30 – QazAvtoJol-дың инвесторлармен ашық диалогы ұйымдастырылады. Сол жерде республикалық маңызы бар жолдармен жүру ақысын төлеу жүйесін орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобаны іріктеу мәселесі талқыланады. Осы диалог Skype (логин: nk_kazautozhol) арқылы көрсетіледі. Қатысушыларды тіркеу b.kamalitden@kazautozhol.kz поштасы арқылы жасалады («Emerald Tower» бизнес орталығы, Қонаев көшесі, 10, блок А, 35 қабат, кабинет 3502. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 64 87 46).

АЛМАТЫ

10.00 – Казақстандағы және Орта Азиядағы «Касперский Лабораториясына 15 жыл» тақырыбында брифинг өтеді. Шараға компанияның негізін қалаушы Евгений Касперский, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі басқарушы директор Сергей Земков, Қазақстан, Орта Азия және Монғолиядағы басқарушы директор Евгений Питолин қатысады (Rixos Almaty қонақ үйі, Сәкен Сейфуллин даңғылы, 506/99, байланыс телефоны: +7 705 271 94 92).

17.40 – АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майер қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға қатысып жүрген белсенді азаматтарды Spread the Light in the World/Әлемді жарыққа толтырайық кампаниясы аясындағы шараға шақырады. Шара барысында қысқаметражды фильмнің көрсетілімі болады. Дәл осы фильм акцияны өткізуге түрткі болды. Сондай жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен кездесу ұйымдастырылады. Олар АҚШ елшілігінің кіші гранттар бағдарламасы қоғамға қалай әсер еткенін айтып береді. Ал Бас консулдықтың өкілдері гранттарды алу тәртібін түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді. (American Space, SmArt.Point, Байзақов көшесі, 280. Байланыс телефоны: +7 (777) 005 44 30).

24 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Блогерлердің халықаралық форумы. Шара барысында аккаунт пен контентті дамыту, блог ашу үшін идея табу, сапар жасап жүріп ақша табу жән тағы басқа мәселелерге арналған мастер-кластар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. Форумының хэдлайнерлері: @funforlouis атымен танымал британдың влогер және саяхатшы Луис Кол және @followmeto флешмобының авторы Мурад Осман. Форумға қатысу тегін. Бірақ forum.openqazaqstan.kz сайтында тіркеуден өту керек. (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік, 57).

20.00 — Makvin&Mulan халыққа өнер көрседі. Бұдан бөлек, Abdr. және Say Mo келеді деген жоспар бар (ЭКСПО-ның жазғы сахнасы, Мәңгілік ел даңғылы, B1.).

АЛМАТЫ

19.00 – шайбалы хоккейден 17-ші Қазақстан кубогының финалы (Halyk Arena мұз айдыны, Кұлжа тракты, 2д).

25 тамызғы жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — Kitap Fest Nur-Sultan 2019 кітап фестивалі. Шараның мақсаты: отандық баспа ісін қолдау, кітап оқуды насихаттау, шығармашыл адамдарды елдің мәдени өміріне атсалысуға үндеу. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі өтеді. Ал ірі кітап дүкендері өз тауарларын жеңілдікпен сатады. Бұдан бөлек, жазушылармен кездесулер өтеді. I Book You Swap атты ауқымды кітап алмасу шарасы да ұйымдастырылады. (астаналық Арбат, Есілдің жағасы).

18.00 – Қарағанды академиялық театрының гастролі аясында «Баядера» опереттасы қойылады («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 –»Сюрприз» атты балалар спектаклі. («Зазеркалье» қуыршақ театры, Абая даңғылы, 117).

19.00 — Виктора Цойды еске алуға арналған концерт. Сахнада Pulse, «Процессор», «Аллюр», Paradox, OOH, Muha-fly сынды топтар өнер көрсетеді (LA BOHEME театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны +7 (747) 331 83 11).

20.00 — «Көк-Төбе Опера 2019» атты ашық аспан астындағы IV музыка фестивалі. Шара аясында танымал опера жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен әлемдік балет қойылымдарын көруге мүмкіндік бар. Дирижер – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Алан Бөрібаев. Фестивальдің арнайы қонағы – Иван Дефабиани (Көк-Төбе демалыс саябағы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz