2020 жылдың бірінші қаңтарынан дәрігерлердің жалақысы өседі

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің жалақысын көтеру бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік қамқорлықә шараларын іске асыру аясында 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке дейін өскенін еске салып өтті.

«Жаңа бағдарламаның шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру және медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген», – деді Біртанов сенатта өткен үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 процентке, ал мейірбикелердің еңбекақысы 20 процентке өседі. 

Тағы оқыңыз: Әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты



sputniknews.kz

Загрузка...