2020 жылдың 1 наурызынан кейін не өзгереді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанда 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламалары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.  

Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның парламент мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңесте Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына тоқталды, деп хабарлады Elbasy.kz.   

Оның пікірінше, қазір стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр.

«Олардың орындалуын қадағалап отырған тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған жұмыстарға үнемі түзетулер енгізіліп келеді», – деді Назарбаев.

Сондықтан, Қазақстанның тұңғыш президенті атап өткендей, ұлттық экономика министрлігі «Nur Оtаn» партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек.

Тағы оқыңыз: Желіде Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды 

«2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет», – деді Елбасы.

Осыған байланысты Қазақстанның тұңғыш президенті 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...